04.11.2022, 15:51 33171

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді
Сурет: Depositphotos
Астана. 4 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
 
Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.
 

Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды. Бүгінде олардың жалпы саны 155 мыңнан астам адамды құрайды. Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие", - делінген хабарламада.

 
Биыл Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингінде (UN Global e-Government Development Index) 193 мемлекеттің ішінде 28-орынды иеленді. Атап айтқанда, "онлайн-қызметтер сапасының индексі" бойынша еліміз 8-орында.
 
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны