25.11.2022, 13:28 28156

Қазақстанда балаларды балабақшаларға қабылдау ережелері өзгерді

Енді бір өтініш принципі бойынша балабақша кезегіне тұруға болады.
Қазақстанда балаларды балабақшаларға қабылдау ережелері өзгерді
Астана. 25 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері өзгерді. Тиісті бұйрыққа Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.
 
Енді бір өтініш принципі бойынша балабақша кезегіне тұруға болады. Яғни, балабақшадағы орын бала туылғаннан кейін бірден "брондауға" болады.
 
Өтініш берушілер құқылы:
 
  • көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;
  • мемлекеттік қызметтерді қағаз немесе электрондық нысанда алу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауға қатысу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бұзылған құқықтарды, заңды мүдделерді қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;
  • өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен пайдалану.
 
Есепке қою кезінде өтініш берушілерден артық құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.
 
Балабақшаға қабылдаудың жалпы кезегі елді мекенге (қала, ауыл, кент) жататындығы бойынша, балалардың туған жылы бойынша, әрбір туған жылы үшін жеке қалыптастырылады.
 
Туған жылы бойынша кезек балалардағы бұзылулардың түрлеріне қарай бөлінеді.
 
Бұйрық 2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны