06.01.2023, 16:13 24106

Қазақстандық мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы 25%-ға өсті

Қазақстандық мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы 25%-ға өсті
Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін де қосымша ақы қарастырылған

Астана. 6 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектеп мұғалімдерінің, колледж оқытушыларының, әдіскерлердің, қосымша білім беру педагогтерінің жалақысы тағы 25%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
 

Ел Президентінің қолдауы арқасында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл - біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз нәтижесін беріп жатыр", - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

 
Ол сондай-ақ педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен "Алтын белгі" иегерлері келе бастағанын атап өтті. Бұл болашақта балалардың оқуына оң әсерін тигізеді
 
Министрлікте дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін де қосымша ақы қарастырылғанын еске салды. Биылғы қыркүйек айынан бастап кадр тапшылығы бар өңірлерге тартылған мұғалімдерге лауазымдық жалақысының 150% мөлшерінде қосымша төлем белгіленді.
 
Мұғалімдердің жалақысы білім деңгейіне, біліктілігіне, жұмыс өтіліне, оқу жүктемесіне, магистр дәрежесіне және басқа да қосымша төлемдерге байланысты есептелетіні атап өтілді.
 
Бұған дейін Алматыда мұғалімдердің орташа жалақысы 2023 жылы 320 мың теңгеге дейін өсетіні хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны