08.07.2022, 15:49 18641

Air Astana Еуропадан ұшып келетін туристерге жүктің кешігіп қалуы мүмкін екенін ескертті

Air Astana Еуропадан ұшып келетін туристерге жүктің кешігіп қалуы мүмкін екенін ескертті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 8 ШІЛДЕ - Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы еуропалық әуежайлардан келетін рейстерде багаж берудің кешігетінін ескертті, деп хабарлайды Air Astana баспасөз қызметі. 
 
Жазғы навигацияның басталуымен Еуропаның әуе айлақтары қызметкерлер жетіспеушілігіне тап болды, өйткені олар пандемия кезінде қысқарған болатын және рейстерге қызмет көрсетуде қиындықтар туындады. 
 
Бұл қиындықтар жолаушыларға қызмет көрсетуге де, багажды өңдеуге де байланысты. 
 
Салдарынан соңғы бірнеше аптада түрлі авиакомпаниялардың жүздеген жолаушысы багажын бірнеше сағат күтуге мәжбүр болды. 
 
Ал кейбір саяхатшылар әлі ала алмай келеді. Мысалы, Франкфурт әуежайында шамамен 12 мың жүк әлі берілген жоқ, оның арасында қазақстандық авиакомпания жолаушыларының багаждары да бар. 
 

Әуе компаниясы еуропалық әуежайлардан, атап айтқанда Франкфурт әуежайынан келетін жолаушылардан багаж күтуде түсіністік пен төзімділік танытуды сұрайды. Жүкті тез арада жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Багаж мәселесі бойынша өтінішті help.airastana.com порталына жазуға болады. Air Astana еуропалық әуежайлардағы форс-мажор салдарынан туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны