03.10.2023, 17:50 56561

Алматы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді

Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2022 жылдың ақпан айында басталған
Алматы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді
Сурет: gov.kz
Алматыда қаңтар оқиғасында зақымданған қала әкімдігінің ғимаратын реконструкциялау аяқталды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2022 жылдың ақпан айында басталды.

Естеріңізге сала кетейік, ғимаратқа өрттен 80% залал келді, 6 қабат пен 4 павильон отқа оранған, жертөлелер өртке қарсы жүйенің іске қосылуы мен тонау салдарынан жоғарғы қабаттан су ағып, зардап шекті.

Алматы әкімдігі ғимаратының тарихи келбеті сақталып, заманауи технология мен құрылыс стандарты ескеріліп жаңғыртылды. Қасбетте жұлдыздың орнына бейбітшілік тұтастығының, мемлекет пен отбасы негізінің ұлттық символы болып табылатын шаңырақ бейнеленген.

Реконструкция кезінде бірінші кезекте әкімдік қызметкерлері мен келушілерінің қауіпсіздігі ескерілді. "ҚазҚСҒЗИ" АҚ сарапшылары ғимаратты сейсмикалық төзімділікке зерттеп, ұсыныс айтты, сейсмикалық күшейту бойынша барлық іс-шара толық көлемде жүргізілді, өрт қауіпсіздігі шаралары сақталды. Ғимараттың ішкі безендірілуінде отқа төзімді жанбайтын материалдар пайдаланылды, бұрын болмаған жаңа түтін шығару жүйесі, өрттің мекенжай жүйесі-ескерту орнатылды. Өрт кезінде өрттің таралуына жол бермейтін арнайы клапандар автоматты түрде қосылады.

Ғимараттың қауіпсіздік шараларын күшейту үшін ғимаратқа кіруді бақылау жүйесі қолданылды және отқа төзімді есіктер, ғимаратқа бірінші қабаттардың терезелері арқылы рұқсатсыз кіруді шектейтін қосымша жапқыштар, сонымен қатар әр қабатта және периметрі бойынша бейнебақылау камералары орнатылды. Қызметкерлердің кіруі үшін турникет құрылғысында тану жүйесі орнатылған.

Құрылыс барысында тиімді энергия тұтыну технологиясы қолданылып, жаңа жылыту жүйесіне толығымен ауыстырылды. Барлық инженерлік коммуникация автоматтандырылған және бірыңғай диспетчерлік пунктке қосылған, бұл жұмысты бақылауға және ғимараттың энергия тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Диспетчерлер озық үлгідегі станцияның көмегімен барлық жүйені басқарады, төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет етеді.

Ғимаратты қалпына келтірудің тағы бір маңызды критерийі инклюзивті шешімдерді енгізу арқылы азаматтардың барлық санаты үшін жайлылық пен кедергісіз ортаны қамтамасыз ету еді. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жедел сатылар, электр көтергіштер, мүгедектерге арналған жуынатын бөлмелер және қозғалуы қиын адамдарға арналған арнайы құрылғы - таңбалау, пандустар, шақыру түймелері, Браул әліпбиі пайда болды. Әкімдіктің бірінші қабаты "Open space Almaty" болып қайта жаңартылды - бұл қабылдау бөлмесі, күту аймағы, келіссөздер бөлмесі, халықты қабылдау бөлмесі, ана мен бала бөлмесі, балаларға арналған ойын алаңы бар қоғамдық қабылдау бөлмесі.

Реконструкциядан кейін кабинеттердің ауданы өзгермеді. Отандық өндірісті қолдау үшін негізінен қазақстандық өндірістің материалдары, оның ішінде жиһаз және есіктер пайдаланылды. Кабинеттердің конфигурациясы, өлшемдері, орналасуы өзгеріссіз қалды. Ғимаратта барлығы 700 орынға есептелген 360 кабинет орналасқан. Нысанның жалпы ауданы 33 мың шаршы метрден асады. Ғимаратта 14 басқарма мен әкімдік аппараты болады. Осылайша, Алматы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді, пайдалануға дайын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны