11.07.2022, 15:40 15011

Алматы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа жақын

Алматы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа жақын
Сурет: Telegram/MVK_kz_Covid19
АЛМАТЫ. 11 ШІЛДЕ - 11 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы "сары" аймақта орналасқан, бірақ "қызыл" аймақтың шекарасына жақын, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Бүгінгі таңда эпиджағдай бойынша "сары" аймақта Алматы орналасқан. Елорданы қоса алғанда, қалған барлық өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан. Бұл ретте Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа жақындап келеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Алматыда коронавирус ауруының 200 жағдайы, Нұр-Сұлтанда - 118 жағдайы анықталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны