25.03.2021, 17:31 12009

Алматы тұрғындарын сауда үйлері мен базарларда егу жоспарлануда

АЛМАТЫ. 25 НАУРЫЗ - Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, Телемедицина орталығының директоры Лаура Мырзағали Алматыда базарлар мен сауда үйлерінің аумағында Алматы тұрғындарын вакцинациялау мүмкіндігі мәселесі пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы ҚДБ өкілінің айтуынша, бүгінде қалада 35 екпе кабинеті жұмыс істейді. Қосымша тағы 15 екпе кабинетін орналастыру жоспарлануда. Спикер бұл жеке медициналық ұйымдар да болатынын нақтылады.
 

Сауда үйлері мен базарларда тұрғындарды вакцинациялау мәселесін қарастырып жатырмыз. Мәселені біз өзіміз халыққа қарай жүруіміз үшін пысықтап жатырмыз", - деді Лаура Мырзағали.

 
Телемедицина орталығының директоры наурыз айында қала 16 200 дозадан 3200 доза мөлшерінде вакцинаның үшінші траншы алғанын айтты.
 

Сәуір айында біз 65 200 дозаны күтеміз. Мамыр айында - 65 200 доза, маусымда - 67 000 доза", - деді ол.

 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Британдық, Оңтүстік африкалық, Бразилиялық штаммдарға тән коронавирус мутациясы анықталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны