05.01.2024, 10:44 41811

Алматыда 20-дан астам ашық мұз айдыны қолжетімді болады

Мұз айдындарына кіру тегін
Алматыда 20-дан астам ашық мұз айдыны қолжетімді болады
Сурет: gov.kz
Мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін жиырмадан астам мұз айдынының 12-сі тегін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі таңда Алматыда келесі мекенжайлар бойынша сегіз мұз айдыны жұмыс істейді:

1.Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында;

2.28 Панфиловшылар саябағы;

3.Тұңғыш Президент саябағы;

4.Орталық стадион;

5.М. Әуезов атындағы театр;

6.Н. Сац атындағы театр;

7."Гүлдер" саябағы;

8.№6 Оқушылар Үйі;

Қалған 4 мұз айдынын ағымдағы жылдың қаңтар айында келесі мекенжайлар бойынша іске қосу жоспарлануда:

1.Шухов көшесіндегі саябақ;

2."Авиатор" стадионы;

3.Наурызбай ауданы әкімдігінің аумағында;

4.Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры

Жылы ауа-райына байланысты мұз айдындарының ашылуы мұз дайын болған кезде іске қосылады.

Мұз айдындарына кіру тегін. Мұз айдындарында конькиді жалға беру пункттері жұмыс істейді. Екі сағаттық жалға алу құны 1000 теңге. Конькимен сырғанау толығымен тегін.

Жалға беру пункттерінің жұмыс күндері таңғы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұз айдындарының өзі тәулік бойы жұмыс істейді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны