11.09.2023, 21:07 22741

Алматыда 200 адам қабылдайтын емхана ашылды

Алматыда 200 адам қабылдайтын емхана ашылды
Сурет: gov.kz
Ерболат Досаев Мамыр-5 шағын ауданындағы 200 адам қабылдайтын емхананың жаңа филиалының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында осы жылдың қыркүйек айының жұмыс істей бастаған №18 қалалық емхананың жаңа филиалына барды.

Емхананың жаңа ғимаратқа көшуі Мамыр, Дубок, Таугүл-3 шағын аудандарының 20 мың тұрғыны үшін қуанышты жаңалық болды. Айта кетейік, бүгінге дейін емхананың барлық филиалына жұмыс артығымен жүктелген еді. Бұған дейін 2018 жылдан бастап тұрғындардың біразына 60 шаршы метрлік пәтерде орналасқан амбулаторияда қызмет көрсетілген.

Ерболат Досаев медициналық кабинеттерді көріп, қажетті техникамен жабдықталғанын тексерді, дәрігерлермен цифрлық кезекті талқылады және емханадағы қызметтердің сапасы мен ыңғайлылығы жөнінде келушілермен әңгімелесті.

ШЖҚ "№18 қалалық емхана" КМК бас дәрігері Сәулет Қыдырбекова филиалдың ауысымына 200 келуге арналғанын айтты. Жаңа ғимаратта бейінді мамандардың 35 кабинеті, дәрігерге дейінгі тексеру, скрининг және күндізгі стационар қарастырылған. Барлық кабинет заманауи жабдықтармен жабдықталған, УДЗ, ЭКГ, аудиограф, кольпоскоп аппараттары және білікті медициналық-санитарлық көмек көрсету мен кеңес беру үшін қажетті өзге де құрылғылар бар.

№ 18 емхана алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің жаңа бірыңғай стандартына сәйкес келеді. Бұл стандарт медициналық көмек көрсету регламенттеріне, жобалық-технологиялық шешімдерге, цифрландыруға және емханалардың менеджментіне қолжетімділік, сапа, технологиялылық және жайлылық сынды 4 негізгі критерий бойынша түбегейлі өзгерістер енгізуге негізделген.

Емхана тұрғын үйлерден жаяу бара алатындай жерде орналасқан және автокөліктің барлық түріне, соның ішінде қоғамдық көліктерде ыңғайлы кірме жолдары бар.

Биыл Алматыда Жетісу және Әуезов ауданында барлығы 2 жаңа емхана ашылды, сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарға енген 4 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Қазіргі уақытта 11 емхана мен отбасылық амбулаториялық амбулаторияға ЖСҚ әзірленіп жатыр. Қолданыстағы 10 ірі көпсалалы стационар мен перзентхана салу және жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарлама басталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны