19.10.2023, 16:30 94731

Алматыда қала маңына қатынайтын бағыт ашылады

Алматыда қала маңына қатынайтын бағыт ашылады
Сурет: gov.kz
Биыл 20 қазанынан бастап 12 жылжымалы бірлік желісінде қала маңына қатынайтын "Төле би - Яссауи бұрылу алаңы - Қарғалы кенті" сызбасы бойынша жүретін №236 бағыт ашылады әрі көліктің қозғалыс интервалы 17 минут болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау Ережелеріне сәйкес қызмет көрсету "NEO city TRANS" ЖШС тасымалдаушыға берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау ISUZU HC-40 маркалы автобустар жүргізетін болады.

Еске салсақ, Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған, олар: №223 "Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары", №233 "Қараой - Саяхат ауылы", № 240 "Батыр ауылы - "Адем-1" СҮ, Солтүстік айналма көшесі, қалған бағыттар әзірленуде.

Бұдан басқа, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны