15.11.2021, 20:37 59982

Алматыда автотұрақтарды тегін пайдалана алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді

Алматыда автотұрақтарды тегін пайдалана алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді

АЛМАТЫ. 15 ҚАРАША - Алматы қаласының ақылы автотұрақтарында тұрақ орындарын тегін пайдалану жеңілдіктеріне құқығы бар тұлғалар санаттарының тізімін кеңейтіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау аясында Алматы қаласының ақылы автотұрақтарында тұрақ орындарын тегін пайдалануға жеңілдіктері келесі тізімдегі адамдарға берілді:

1) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлері;

2) туғаннан бастап мүгедек баланың және мүгедек балалардың заңды өкілдері;

3) "Алтын Алқа" және "Күміс Алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар";

4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны