24.01.2022, 16:43 22676

Алматыда COVID-19 қайта жұқтыру жағдайлары екі есеге өсті

Айта кету керек, бұл адамдардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы екпе алмаған.
АЛМАТЫ. 24 ҚАҢТАР - Алматыда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Қала "қызыл" аймақта. Бұл туралы Алматының бас санитариялық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлім етті.
 
Оның айтуынша, "Омикрон" штамының пайда болуына байланысты қала тұрғындары арасында күн сайын вирус жұқтырушылар саны артып келеді. 
 

Омикрон штамының "дельта" штамын ығыстыруына байланысты вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Оны тәуліктік өсімнен байқауға болады. Соңғы күндері коронавирус жұқтырған адамдардың саны 2 500-ге жетті. Қаңтар айының соңында бір күнде 3 мыңға жетеді деген болжам бар", - дейді Алматының бас санитарлық дәрігері. 

 
Сонымен қатар, ол мегаполисте коронавирусты қайта жұқтырғандар саны артқанын жеткізді. 
 

Алматыда коронавирусты қайта жұқтырғандар саны соңғы аптада екі есе өсті. Жыл басынан бері 16 есеге артқан. Айта кету керек, бұл адамдардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы екпе алмаған", - деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.


Өткен тәулікте елімізде COVID-19 11 340 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде Алматыда - 1 953.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны