04.07.2022, 17:28 14251

Алматыда COVID-19 таралуының алдын алу шаралары күшейтілді

Алматыда COVID-19 таралуының алдын алу шаралары күшейтілді
АЛМАТЫ. 4 ШІЛДЕ - Алматының бас санитариялық дәрігері қаланың "сары" аймаққа көшуіне байланысты COVID-19 таралуының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Қаулыға сәйкес, вакцинацияға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлер мен жүкті әйелдер, КВИ науқастарымен жақын байланыста болған адамдар қашықтықтан жұмысқа ауыстырылады.
 
Сонымен қатар, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезінде қоспағанда, халық көп жиналатын жабық үй-жайларда, қоғамдық көлікте, халықаралық жолаушылар тасымалы кезінде бетперде кию ұсынылады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 4 шілдедегі жағдай бойынша Алматы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "сары" аймақта орналасқан. Өткен тәулікте Алматыда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 88 жаңа жағдайы тіркелді.
 
Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 158 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 307 330 жағдай.
 
2022 жылғы 4 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 526 717 адам, 2-ші компонентпен - 9 311 459 адам вакцинацияланды. 4 821 095 адам ревакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны