Алматыда Eurasian Fashion Week 28-29 cәуір айының өтеді
Сурет: EFW
Алматы. 19 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Eurasian Fashion Week (EFW) "Күз-Қыс 2023/2024" cәуір айының 28-29 аралығында Алматы қаласында "Forum" сауда ойын-сауық орталығындағы "Event Space" залында өтеді.
Eurasian Fashion Week - бүкіл Еуразия континентінің сәні мен стилін ұсынатын мобильді халықаралық алаң. EFW 2019 жылы Қазақстаннан басталып, Прага, Братислава, Бангкок және Дубайда жалғасты. Атақты кутюрьелер мен жас дизайнерлерді бір алаңда біріктіре отырып, бұл жоба Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту және әлемде еліміздің оң имиджін қалыптастыру бойынша маңызды миссияны орындайды.
Жастармен бірге" мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарына сүйене отырып, еліміздің және бүкіл континенттің мәртебесін көтеріп жүрген шығармашыл жастарды қолдау мақсатында Eurasian Fashion Week "Future is now" атты ұранмен өз жаңа маусымын ашады. Сән көрсетілімдерімен қатар іс-шара бағдарламасына медиа-бранч, баспасөз конференциясы, панельдік пікірталас және Kids Fashion Day кіреді.
EFW өз жарнамалық бейне түсірілімінде жасанды интеллект қолданған Қазақстандағы ең алғашқы сән апталығы атанды. Маусымның басты бейне түсірілімі студияда орын алып, кейін фото және видео материалдар жасанды интеллект арқылы өңделді.
Аталған революциялық түсірілімге Салтанат Тасболат және Дана Болатжан атты модельдер қатысты. Олардың бет-әлпеттері жасанды нейрондық желіге "бастапқы дерек" ретінде қызмет етті.
Осы маусымда қазақстандық және шетелдік дизайнерлер өз коллекцияларын ұсынады: SS by Sergey Shabunin (Kazakhstan), Nosi Moyo (Kazakhstan), Junus Coban (Turkey), Nayas (Czech Republic) және басқа да қатысушылар. Сонымен қатар, Қазақстанға Seoul Fashion Week және еуропалық сән апталығының тұрақты қатысушысы, Оңтүстік Кореяның атақты дизайнері Graphisteman.G. келеді. Бұл - қолмен боялған фантастикалық кескіндемемен сәнделген ерекше үлгідегі киім.
Eurasian Fashion Week бүкіл Еуразия кеңістігінде өзін танытып, Қазақстанның Fashion-индустриясындағы ең жарқын іс-шараға айналған оқиға. Бірнеше санаулы күнге Алматы халықаралық сән астанасына айналады. Eurasian Fashion Week алғаш рет Астана мен Алматы қалаларында өтті. Алайда, тұтынушылар нарығы мен экономикалық жағдайды зерттеу нәтижесінде Eurasian Fashion Week -ті жеңіл өнеркәсіп секторының дамуына байланысты мәселелерді талқылауға бағытталған жаһандық салалық іс-шараға дейін ұлғайту қажеттілігі туындады", - дейді EFW бас продюсері Ирина Байжанова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.