17.09.2021, 22:37 16076

Алматыда карантин жеңілдетілді

АЛМАТЫ. 17 ҚЫРКҮЙЕК - Алматының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланды.
 
Жаңа қаулыда спорт кешендері, спорттық-сауықтыру мен фитнес, йога орталықтарының жұмысына рұқсат берілді. 
 
Монша, сауна, СПА, бассейн қызметіне де рұқсат. 
 
Демалыс күндері Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Ashyq көшбасшылары түнгі 02:00-ге дейін қызмет көрсете алады. 
 
Қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, асханалар және басқалар) жұмыс істейді, бірақ келушілер саны бір уақытта 70 адамнан аспауы керек. 
 
Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады. 
 
Қаулы қол қойылған күнінен бастап бастап күшіне енеді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны