02.05.2023, 12:39 17151

Алматыда кене шаққан 356 азамат дәрігерлерге жүгінген

Бір адамнан кене энцефалиті анықталған
Астана. 2 мамыр. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда кене шаққан 356 тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бір адамнан кене энцефалиті анықталған. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді.

Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізіліп, жедел көмек көрсетілген. Мамандардың айтуынша, күн ысығанда кенелер белсенді бола түседі. "Кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі - оған қарсы вакцинация алу", - дейді мамандар. Екпелерді қалалық емханаларда дәрігермен кеңескеннен кейін тегін алуға болады.

Айта кетейік, наурыз айында Алматыда адамдар көп жүретін саябақтар мен скверлерге кенеге қарсы дизинфекциялық өңдеу жасалған болатын. Өңдеудің екінші кезеңі мамыр айының соңында басталады.

Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны