27.12.2023, 16:39 23201

Алматыда Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті

Мерекеге 300-ден астам бала шақырылды
Алматыда Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті
Сурет: gov.kz
Алматыда "Жаңа жыл елімізді аралауда" дәстүрлі Президент шыршасы өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Мерекеге 300-ден астам бала, оның ішінде жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар шақырылды.

Алматыда "Жаңа жыл елімізді аралауда" дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Мерекеге 300-ден астам бала, оның ішінде жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар шақырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шырша қонақтарын Алматы әкімі Ерболат Досаев құттықтап, балаларға зор денсаулық, табыс және жаңа жылда барлық ниет-армандарының орындалуын тіледі.

Концерттік бағдарлама "Жаңа жылдық сиқыр" музыкалық-интерактивті шоу-спектаклі болды. Спектакльдің ажырамас бөлігі Еркеш Хасеннің оырндауында "Жаңа жыл" әнінің орындалуы мен балалардың шыршаны айналып, осы әнді айтулары арқылы Шыршаның жағылуы, Аяз Ата мен Ақша қардың, 2024 жылдың символы - айдаһар мен танымал мультфильмдер мен аниматорлар кейіпкерлер болды.

Айта кетерлігі, биыл шыршаның төменгі бөлігіне ойыншықтар ілінбеді, балалар өздері оны безендіруге қатысып, "жасыл шыршаға" жаңа жылдық ойыншықтарды ілді.

Іс-шара соңында барлық қонақтар Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны