22.07.2021, 23:48 7968

Алматыда сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты төсек-орын саны артты

Барлық инфекциялық стационарларда төсек орындардың жүктемесі 50%-дан асады.
АЛМАТЫ. 22 ШІЛДЕ - Алматыда сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, қосымша инфекциялық төсек-орындар ашылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Басты мақсат – инфекцияның таралуына қарсы күрестің қосымша шараларын қабылдау және мутацияланған COVID-19 штаммының айналымын ескере отырып, медициналық қызметке мұқтаж пациенттер санының артуына орай денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ету", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінде.

 
Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров шілде айының басынан бері реанимация бөлімінде жатқан науқастар санының үш есеге артқанын, үй карантиніндегі пациенттердің динамикасы (5 821 науқас) өткен айда 6 есеге өскенін атап өтті. Барлық инфекциялық стационарларда төсек орындардың жүктемесі 50%-дан асады. Сондықтан тамыз-қыркүйек айларына арналған болжамды жағдайларды және қаладағы аурулардың қарқыны мен деңгейін ескере отырып, қалада резервтік инфекциялық төсектерге қажеттілікті анықтау тапсырылды (қолданыста 6 090 төсек-орын бар) және оларды пайдалануды бастау қажет. 
 
Сонымен бірге, кадр резервін қамтамасыз ету және оларды ковидті терапияға үйрету, вакцинация төлқұжаттарының қолдан жасалуымен күресу және алдын-алу бойынша нұсқаулар берілді.
 
Бүгінде Алматыда 86 мыңнан астам КВИ жұқтырған жағдай тіркелген, оның ішінде соңғы тәулікте тіркелгендер саны - 993 жағдай. Сонымен бірге, тәулік сайын 400-ден астам науқас ауруханаға жатқызылуда, бұл емделіп шыққандар санынан 2 есе көп. COVID-19-пен 3 099 пациент стационарлық емделуде жатвр, ал реанимация мен интенсивті терапияда 228 науқас жатыр.
 

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі Қалалық штаб алматылықтарды қорғаныс шараларын – бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, сонымен қатар вакциналану мәселесін кейінге қалдырмауға шақырады, өйткені бұл инфекциядан қорғаудың жалғыз әдісі", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны