05.10.2023, 21:24 97161

Алматыдағы Құлжа трактіндегі жаңа жолайрығы автокөліктің өту қабілетін 5 есеге арттырады

Алматыда бүгінде үш жолайрығы салынуда
Алматыда Бухтарминская көшесі мен Құлжа трактісі қилысындағы жолайрығы бойынша 4 жолақты қозғалысы бар Бухтарминская көшесінің тоннелді бөлігі ашылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жоба Бұхтарминская көшесі бойымен автокөліктің өту қабілетін 15% - ға, Құлжа трактісі бойынша 20% - ға арттыруға мүмкіндік береді. Бухтарминская көшесі учаскесінің жалпы құрылыс ұзындығы 830 м, оның ішінде тоннель бөлігінің ұзындығы - 149.

Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша көлік жүктемесін төмендету, көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының солтүстік-шығыс бөлігінің жүктелген көлік тораптарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, 2018 жылы Бухтарминская көшесі мен Құлжа трактісі қиылысында жолайрығын салу жобасы әзірленді, ал 2019 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Тоннель ашылғаннан кейін жолайрығының айналма бөлігіндегі жүктеме азаяды. Бүгінде тоннель бөлігі ашылғанға дейін барлық көліктер айналма арқылы маневр жасады, мұнда жүктеме көбейіп, үлкен кептеліс пайда болды. Сондықтан 2018 жылы осы жолайрығын салу және Құлжа трактісі, Бухтарминская көшесі арқылы өтуді қамтамасыз ету және әуежайға қарай көлік қозғалысын жеңілдету қажеттілігі туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті Алматының қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.


Көлік торабы - бұл бірнеше жасанды құрылымдардың жиынтығы, олар: Бухтарминская көшесіндегі тоннель, тіреу қабырғалар, тіреу қабырғалары бар эстакадалар, сондай-ақ нөлдік деңгейдегі айналма жолдар және барлық бағыттардағы оң жақ съездер. Екі негізгі бағыттағы жол жүктемесін төмендету күтілуде, олар: Халықаралық әуежайдан Алматы қаласына және қаладан Талғар мен Алатау сынды елді мекендерге қатынайтын көлік қозғалысы. Қарбалас уақытта бұл бағыттардың жүктемесі өте жоғары, соның салдарынан үлкен кептелістер туындайды.

Түрксіб ауданындағы жолайрығын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба 31 қазанға дейін толық аяқталады. Бүгінде су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Тораптың өткізу қабілеті 5 есеге жуық өседі, оны тәулігіне 340 мыңға дейін автомобиль пайдалана алады", - деді "Bazis Construction" ЖШС мердігер-компаниясының өкілі және объектінің басқарушы директоры Фариз Тутадзе.


Бүгінде осы жоба аясында Құлжа трактісі бойынша эстакаданың аралық құрылысын, Бухтарминская көшесіндегі тоннель бөлікті, съездер мен түйіспелерді салу бойынша жұмыстар аяқталды, ал бұл көлік торабының өткізу қабілетін бес есеге арттырады. Сондай-ақ, су құбыры желілерін абаттандыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, абаттандыруды ескере отырып, осы көлік айрығының құрылысын толық аяқтау ағымдағы жылдың қазан айының соңына жоспарланған.

Айта кетерлігі, Алматыда бүгінде үш жолайрығы салынуда, олар: Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесі (аяқталу мерзімі - 2024 жылдың соңы), Саин көшесі - Мөңке би көшесі (Мөнке би көшесі бойынша қозғалыс 2023 жылдың соңына дейін ашылады, нысанның аяқталу мерзімі - 2024 жылдың екінші тоқсаны) және Бухтарминская көшесі - Құлжа трактісі (қозғалыс толығымен ашық, абаттандыру жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады). Олардың барлығы Алматыда көлік ағындарының жүктемесін азайтуға ықпал етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны