18.04.2023, 13:39 27821

Алматыда жүргізушілерге Райымбек даңғылының учаскесінде автобус жолағымен жүруге рұқсат етіледі

Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық автомобильдер жол жүре алады
Алматыда жүргізушілерге Райымбек даңғылының учаскесінде автобус жолағымен жүруге рұқсат етіледі
Сурет: gov.kz
Алматы. 18 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 19 сәуірден бастап жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойынша Саин көшесінен Яссауи көшесіне дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін жол учаскесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар бойынша жол жүруге рұқсат етіледі. Демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық автомобильдер уақыт шектеуінсіз жол жүре алады. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы хабарлады.

Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі қала ішіндегі автомобиль легін тиімді құру үшін, сондай-ақ "қарбалас шақта" және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тестілік режимде енгізілетін болады", - деп нақтылады басқармада.


Бөлінген жолақтар бойынша көлік құралдарының қозғалысын өзгерту 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады. Содан соң салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтаулары тиіс.

Еске салсақ, бұл шара пилоттық жобаның екінші кезеңі болып табылады. 2022 жылдың наурызында қоғамдық көлікке бөлінген жолақтар бойынша жол қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы сызбасына өзгеріс енгізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны