04.10.2023, 16:52 94081

Алматыдан Жидда қаласына алғашқы тұрақты рейсі ашылды

Қызыл теңіз жағасында орналасқан Жидда порт қаласы, ең алдымен, қасиетті Мекке қаласына қақпа ретінде белгілі
Air Astana әуекомпаниясы бүгін Алматыдан Жидда қаласына алғашқы тұрақты рейсін орындады, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.

Ұшақ 92%-ға толы болды. Осы айда рейстер сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. 1 қарашадан бастап ұшулар сәрсенбі және сенбі күндері, ал желтоқсаннан бастап қосымша дүйсенбі күндері орындалады.

Бұл бағыт бойынша 166 орны бар Airbus A321 LR жайлы әуе кемелері қатынайды.

Қызыл теңіз жағасында орналасқан Жидда порт қаласы, ең алдымен, қасиетті Мекке қаласына қақпа ретінде белгілі. Жиддадан Меккеге әуежайдан тікелей жүрдек пойызбен 30 минутта жетуге болады.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны