11.09.2023, 21:13 23386

Алматылық оқушылар Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді

2000 астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнады
9 қыркүйек "Тоғызқұмалақ күніне" орай 2000 астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аталған іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы ұйымдастырды.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ойынды салтанатты түрде бастап берді. Сонымен қатар, Алматы қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік ойынының ордасы болып таңдалды. Мұны Дүниежүзілік және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов хабарлады.

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны