28.07.2021, 18:12 13590

Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар тұтынушыларға суық суды уақытша өшіреді

Суық сумен жабдықтау қызметтеріне енгізілген шектеулер магистральдық желілерге жаңа су құбырын қосу үшін қажет.
АЛМАТЫ. 28 ШІЛДЕ - Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимараттар бірнеше сағатқа суық судан ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

30 шілде күні сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданы Гагарин - Ходжанов - Өтепов - Жароков - Розыбакиев көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық су беруден ажыратылады", - деп хабарлады "Алматы су" МКК.

 
Суық сумен жабдықтау қызметтеріне енгізілген шектеулер магистральдық желілерге жаңа су құбырын қосу үшін қажет.
 

Өшіру уақытында денсаулық сақтау, білім беру объектілеріне және әлеуметтік саладағы өзге де ғимараттарға автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп атап өтті компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны