15.07.2021, 19:50 15502

Алматының урбанистика басқармасы Самал-3 шағын ауданында тұрғын үй құрылысын тоқтату үшін Жоғарғы сотқа шағым жібереді

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы кассациялық шағымды ҚР Жоғарғы сотына үш жұмыс күні ішінде жібереді.
АЛМАТЫ. 15 ШІЛДЕ - Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Самал-3 шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылысын тоқтата тұру үшін Жоғарғы сотқа шағым жібереді.
 

Қазіргі уақытта "Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы" КММ ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің (АІЖК) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына жіберу үшін кассациялық шағым жобасын дайындады. АІЖК-ге сәйкес кассациялық шағым беру мерзімі алты айды құрайды. Алайда Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы кассациялық шағымды ҚР Жоғарғы сотына үш жұмыс күні ішінде жібереді", - деп хабарлады Tengrinews.kz-ке әкімдікте.

 
Бұған дейін "KEGOC" АҚ бұрынғы басшысы Әсет Наурызбаев "құрылыс мафиясын" тоқтатуға шақырған болатын.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны