03.08.2021, 20:01 15587

Ashyq қатысушыларының саны үш есе өсті

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінен бастап 2 тамызына дейін "Ashyq" жобасына қатысушылардың саны 21 900 адамнан 67 782 адамға дейін өсті.
НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында Ashyq жобасының іске асырылуы туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Ashyq" жобасына кіру талаптарын жеңілдету жобаға қатысушылардың 3 есе өсуіне ықпал етті, мысалы, ағымдағы жылдың 27 шілдесінен бастап 2 тамызына дейін "Ashyq" жобасына қатысушылардың саны 21 900 адамнан 67 782 адамға дейін өсті", — деді А. Цой.

 
 "Ashyq" жобасы аясында мониторинг топтарымен "Ashyq" жобасына қатысушы 50 мың объект қамтылды.
 

Бұзушылықтар 642 нысанда анықталды. Осы жылдың 10 шілдесінен бастаған кезеңде ЦДИАӨМ-нен алынған мәліметтер деректері бойынша 16 663 бұзушы анықталды, олардың 10 305-і "қызыл" және 6 358-і "сары" мәртебесі бар келушілер. Осылайша, 16 мыңнан астам нысанда халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыруының алдын алу мүмкін болды", — деді А. Цой. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны