Ashyq жобасының көшбасшыларына жұмыс шарттары бойынша қосымша жеңілдіктер беріледі
Жобаның көшбасшылары қызмет түріне байланысты объектіде екі апта бойы тіркелу саны бойынша анықталады.
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, "Ashyq" енгізілгеннен бастап ПТР тестінің оң нәтижесі бар 3 556 науқас және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 3 012 адам анықталды.
Бұл статистика, өкінішке орай, кейбір азаматтар үйде оқшаулану режимін сақтамайтынын, халық көп жиналатын объектілерге баратынын, осылайша басқа келушілер мен ұшақ жолаушылар үшін ауру жұқтыру қаупін тудыратынын көрсетіп отыр. Жобаны енгізгеннен оң нәтижесін ескере отырып, "Атамекен" ҰКП-мен бірігіп жобаның көшбасшыларды мадақтау критерийлері әзірленді", — деді министр.
Оның айтуынша, жобаның көшбасшылары қызмет түріне байланысты объектіде екі апта бойы тіркелу саны бойынша анықталады. Бұл тәсіл астананың және республикалық маңызы бар қалалардың ерекшелігін ескереді.
Ashyq" жобасының көшбасшысы мәртебесін алған қатысушылар жұмыс уақыты және шарты бойынша қосымша жеңілдіктер алады. Сонымен қатар "Ashyq" жобасына туристік сала объектілерін, оқыту орталықтарын, балаларды сауықтыру ұйымдарын қосу мәселесі қарастырылуда.
Бүгінгі күні республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы, өңірлердің біртіндеп қызыл аймақтан шығуы байқалып жатыр, болжам бойынша сырқаттану шынайы сценарий бойынша көрініс беруде", — деп түйіндеді А. Цой.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.