02.07.2024, 16:48 14101

Астанада 3 шілде күні отшашу іске қосылады

Астанада 3 шілде күні отшашу іске қосылады
Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, 3 шілдеде ботаникалық бақта салют іске қосылады. Отшашуды іске қосудың болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" скверінің аумағынан байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында "Open Air" мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны