30.06.2023, 13:20 41506

Астанада алдағы екі жылда 40 мектеп салынады

Оқушы орындарымен қамту үшін мектептер салу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде
Астанада алдағы екі жылда 40 мектеп салынады
Сурет: Gov.kz
Астанада 2 жыл ішінде 40 мектеп салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр, 11 мектеп жаңа оқу жылы ішінде пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында тағы 24 мектеп салынады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл сайын қалада ішкі көші-қон мен бала туу есебінен халық саны артып келеді. Мысалы егер мектепті орта есеппен 8-10 мың түлек бітірсе, жаңа оқу жылында 24-25 мың бала мектеп табалдырығын аттайды. Оқушы орындарымен қамту үшін мектептер салу бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Жаңа оқу жылында 11 мектеп өз есігін айқара ашады. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) құрамыз", - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.


Мектептер барлық аудандарда, соның ішінде елді мекендерде де салынып жатыр. Жаңа оқу жылында тапсырылатын 11 мектеп, 9 мектеп Алматы, Байқоңыр, Есіл аудандарында орналасатын болады.

Сонымен қатар, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Есіл және Нұра аудандарында 15 мектеп салынады. Мәселен, "Хан-Шатырдың" артында осы бағдарлама бойынша 3 мектеп салу жоспарланып отыр, олар 12 мың оқушы орнын (2 ауысымды) құруға мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны