09.10.2023, 13:07 92546

Астанада Азия ойындарының жеңімпаздарын құрметтен қарсы алды

Жарысты Қазақстан құрама командасы 80 медальмен тәмамдады
Астанада Азия ойындарының жеңімпаздарын құрметтен қарсы алды
Сурет: gov.kz
Астанада Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты жағдайда күтіп алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Астана әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге салсақ, 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытай мемлекетінің Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары өтті. Жарысты Қазақстан құрама командасы 80 медальмен тәмамдады. Олардың қатарында астаналық спортшылар да бар.

Жарысқа астаналық құрама команданың 5 спортшысы джиу-джитсу және шахмат спорт түрлерінен сынға түсті. Команданың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және шахматтан қазақстандық қыздар құрамасы командалық қола жүлдеге ие болды.

Азия ойындарында джиу-джитсу спорт түрінен сынға түсіп, чемпион атанған астаналық спортшы Нұржан Батырбеков ел қоржынына 10 алтынның біреуін алып келді.
Сол сияқты жерлесіміз Галина Дуванова күміс жүлдеге ие болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны