18.03.2025, 16:35 1436

Астанада бір мезетте 3 мыңнан астам оқушы "Қамажай" биін биледі

Астанада бір мезетте 3 мыңнан астам оқушы "Қамажай" биін биледі
Бүгін, 18 наурызда QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде астаналық 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте "Қамажай" халық биін билеп, жаппай орындау бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Флешмоб "Науразнама" онкүндігі аясында өтіп, Ұлттық киім күніне орайластырылды. Ұйымдастырушылар - елордалық Білім басқармасы мен Техникалық және көркем шығармашылық орталығы.

Қамажай" - қазақтың ұлттық билерінің бірі. Ол нәзіктікті, әдемілікті бейнелейді. Ал мұндай ауқымда өнер көрсету ерекше әсер қалдырумен қатар, мәдениетімізді кеңінен насихаттау үшін де маңызды. Қыздар дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті, біз олардың өнерін мақтан тұтамыз", - дейді "ШАШУ" фольклорлық ансамблінің шығармашылық жетекшісі Рахат Тәуіржан.


Флешмоб ерекше сәтпен аяқталды: көрермендер би билеген оқушы қыздарға қосылып, олардың қимылын қайталады. Сол сияқты биші қыздар қызғалдақ гүліне ұқсап, әдемі көрініс жасады.

Сонымен қатар, іс-шарада ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтті, онда Астана колледждерінің студенттері қазақтың дәстүрлі киімдерін көрсетті.

Айта кетейік, 14 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлауға арналған Наурызнам онкүндігі басталды. Осы 10 күн ішінде Астанада мерекеге орай 200-ден астам ауқымды шаралар - концерттер, көрмелер, қойылымдар, шығармашылық кештер және т.б. өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны