18.03.2025, 16:49 5146

Жаңаарқа станциясында локомотивтегі өртті өшіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді

Жаңаарқа станциясында локомотивтегі өртті өшіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Іс-шараға Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі Жаңаарқа станциясының өрт сөндіру пойызының, жол дистанциясы бөлімшесінің жеке құрамы, сондай-ақ Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.

Оқу-жаттығудың мақсаты - теміржол көлігі объектілерінде және мамандандырылған жылжымалы құрамда өрттерді сөндіру кезінде Жаңаарқа ауданы мен Ұлытау облысы ТЖД бөлімшелерімен өзара іс-қимыл бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру және нұсқаулықтарды пысықтау.

Жаттығу сценарийіне сәйкес, сағат 09:45-те маневрлік локомотивте қысқа тұйықталудан туындаған шартты өрт орын алды. Жаттығу барысында өрт сөндіру жасақтары өртті жою алгоритмін жедел пысықтады, бұл қысқа мерзімде өрт ошағын "оқшаулауға" және оның таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Мұндай жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады және жедел қызметтердің теміржол көлігіндегі штаттан тыс жағдайларға дайындығы деңгейін арттыруға бағытталған.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны