18.03.2025, 10:44 5591

Елімізде гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады

Елімізде гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады
Қазақстанда сингапурлық инвесторлар - GK Hyperscale Ltd компаниясының қатысуымен гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу бойынша стратегиялық маңызды жоба іске қосылады. Премьер-министр Олжас Бектенов Инвестормен келісім туралы тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, құжатта Ақмола және Қарағанды облыстарында жалпы қуаты 200 МВт болатын екі бірдей деректерді өңдеу орталығын салу және пайдалануға беру үшін 690 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.

Үкімет атынан Цифрлық даму министрлігі жобаны жүзеге асыруға, оның мемлекеттік цифрлық экожүйеге интеграциялануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ "бұлтты" технологиялар мен жоғары өнімді есептеулерді (HPC) дамыту үшін нормативтік жағдай қалыптастыруға белсенді түрде қатысады. Мұндай орталықтарды құру Қазақстанға Microsoft, Google және Amazon сияқты халықаралық технология алпауыттарын, сондай-ақ үлкен деректермен және машиналық оқытумен жұмыс істейтін компанияларды тартуға мүмкіндік береді.

Жоба жалақы деңгейі жоғары жұмысорындарын ашу және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету арқылы цифрлық экономиканы дамытудың қозғаушы күшіне айналады. Қазақстан IT-қызметтер экспортын едәуірарттырып, халықаралық нарықтарда жергілікті IT-компаниялардың қатысуын кеңейтеді және оның жаһандық цифрлық экожүйелердегі рөлін күшейтеді деп күтілуде.

Осылайша, ДӨО іске қосылуы еліміздің Орталық Азияның цифрлық хабы ретіндегі орнын нығайтады әрі IT-қызметтер экспортының өсуіне жағдай жасайды.

Құрылыстың бірінші кезегі 2027 жылы, ал ДӨО 2030 жылы толық іске қосылады деп жоспарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны