18.03.2025, 16:41 4566
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.
Үкімет пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы мәлімет берді. Кеңес отырысында әлі де пысықтауды қажет ететін, соның ішінде қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы мәселелер талқыланды.
Президент Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылуы нақты нәтижелермен бағалануға тиіс екеніне назар аударды. Оның қоғам үшін маңызы зор. Бұл ретте барлық саланы дамыту барысында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздік факторы ескерілуге тиіс.
Сонымен қатар жиында терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелері қарастырылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев террористік және экстремистік әрекеттердің қаупін азайту, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғанысты күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
18.03.2025, 17:37 3341
2025 жылғы 1 наурызда 210 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Достарға айту
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 39,2 мың отбасындағы 210,1 мың адамға 5,3 млрд теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 наурызда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 63,9 мың балаға 733,5 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де қолдау шаралары арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан төмен емес деңгейде айқындалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.03.2025, 16:49 4846
Жаңаарқа станциясында локомотивтегі өртті өшіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді
Достарға айту
Жаңаарқа станциясында локомотивтегі өртті өшіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. Іс-шараға Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі Жаңаарқа станциясының өрт сөндіру пойызының, жол дистанциясы бөлімшесінің жеке құрамы, сондай-ақ Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Оқу-жаттығудың мақсаты - теміржол көлігі объектілерінде және мамандандырылған жылжымалы құрамда өрттерді сөндіру кезінде Жаңаарқа ауданы мен Ұлытау облысы ТЖД бөлімшелерімен өзара іс-қимыл бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру және нұсқаулықтарды пысықтау.
Жаттығу сценарийіне сәйкес, сағат 09:45-те маневрлік локомотивте қысқа тұйықталудан туындаған шартты өрт орын алды. Жаттығу барысында өрт сөндіру жасақтары өртті жою алгоритмін жедел пысықтады, бұл қысқа мерзімде өрт ошағын "оқшаулауға" және оның таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Мұндай жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады және жедел қызметтердің теміржол көлігіндегі штаттан тыс жағдайларға дайындығы деңгейін арттыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.03.2025, 10:44 5591
Елімізде гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады
Достарға айту
Қазақстанда сингапурлық инвесторлар - GK Hyperscale Ltd компаниясының қатысуымен гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу бойынша стратегиялық маңызды жоба іске қосылады. Премьер-министр Олжас Бектенов Инвестормен келісім туралы тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, құжатта Ақмола және Қарағанды облыстарында жалпы қуаты 200 МВт болатын екі бірдей деректерді өңдеу орталығын салу және пайдалануға беру үшін 690 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген.
Үкімет атынан Цифрлық даму министрлігі жобаны жүзеге асыруға, оның мемлекеттік цифрлық экожүйеге интеграциялануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ "бұлтты" технологиялар мен жоғары өнімді есептеулерді (HPC) дамыту үшін нормативтік жағдай қалыптастыруға белсенді түрде қатысады. Мұндай орталықтарды құру Қазақстанға Microsoft, Google және Amazon сияқты халықаралық технология алпауыттарын, сондай-ақ үлкен деректермен және машиналық оқытумен жұмыс істейтін компанияларды тартуға мүмкіндік береді.
Жоба жалақы деңгейі жоғары жұмысорындарын ашу және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету арқылы цифрлық экономиканы дамытудың қозғаушы күшіне айналады. Қазақстан IT-қызметтер экспортын едәуірарттырып, халықаралық нарықтарда жергілікті IT-компаниялардың қатысуын кеңейтеді және оның жаһандық цифрлық экожүйелердегі рөлін күшейтеді деп күтілуде.
Осылайша, ДӨО іске қосылуы еліміздің Орталық Азияның цифрлық хабы ретіндегі орнын нығайтады әрі IT-қызметтер экспортының өсуіне жағдай жасайды.
Құрылыстың бірінші кезегі 2027 жылы, ал ДӨО 2030 жылы толық іске қосылады деп жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.03.2025, 10:36 5846
Алматыда сот шешімімен тағы бір автожуу орны сүрілді
Достарға айту
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Самғау шағын ауданындағы Аршалы көшесі, 2-үй мекенжайында орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету автожууының сүрілгенін хабарлады.
Жеке тұлғаға тиесілі нысан рұқсат құжаттарынсыз салынған..
Нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот заңсыз салынған нысанды сүру туралы шешім шығарды.
Сот шешіміне сәйкес, иесі нысанды өзі бұзды.
Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 69 заңсыз нысан толық немесе жартылай сүрілді. Олардың қатарында "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да ғимараттар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2025, 18:27 26586
Ақмола облысында биыл 17 мыңнан астам шетелдік тіркелді
Достарға айту
Ақмола облысында биыл 17 мыңнан астам шетелдік тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында полицейлер көші-қон заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін азаматтар мен жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде. Полиция майоры Бибігүл Рахымжанованың айтуынша, тұрғындарға шетелдіктердің келгені туралы, ал жұмыс берушілерге шетелдік азаматтарды жұмысқа орналастыру ережелерінің сақталуы туралы уақытылы хабарлау қажеттігі туралы ескертіледі.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік азаматтардың қозғалысын бақылауды күшейтеді, бірлескен рейдтер мен алдын алу шараларын жүргізеді. Қазақстандықтар мен ел қонақтарына айыппұлдар мен ықтимал санкцияларды болдырмау үшін заңнама талаптарымен алдын ала танысу ұсынылады.
Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болу ережелерінің сақталуын тексере отырып, олардың болуын бақылайды. Мәселен, Ақмола облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында 2024 жылы 17 жарым мыңнан астам шетелдік азамат тіркелген. 2024 жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 670 шетелдік азамат елден шығарылды, ал 2025 жылдың басынан бастап 72 адам шығарылды. Қазақстан Республикасының заңсыз көші-қонын ұйымдастырғаны үшін 2 қылмыстық іс басталды.
Сонымен қатар көші-қон қызметі көші-қонды бақылауды жақсарту және шетел азаматтарының өңірде заңды болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмысты жалғастыруда", - деп атап өтті Б. Рахымжанова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2025, 18:20 26871
Қазақ-өзбек қаламгерлері әдеби байланысты нығайту мәселесін талқылады
Достарға айту
Қазақ-өзбек қаламгерлері әдеби байланысты нығайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен "Түбі бір түркі әдебиеті" атты дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Минходжиддин Хожиматов, екі елдің танымал қаламгерлері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы - әдеби байланысты нығайту және әдебиеттің оқырмандарға ықпалы. Қазақ пен өзбек халқының әдебиеті мен мәдениеті терең тарихи және рухани байланысқа ие екені баршаға мәлім. Бұл жақындықтың қайнар бастауы ортақ түркілікте жатқаны белгілі. Қазіргі уақытта да бұл үрдіс жалғасуда. Қазақ пен өзбек әдебиетінің жаңа буын өкілдері шығармаларын бір-біріне аударып, әдеби байланыстарды нығайтуда.
Өзбекстаннан келген делегация ҚР Ұлттық кітапханасын аралады. Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінде арнайы көрме ұйымдастырылып, қонақтар қорда сақталған бірегей мұралармен танысты. Олардың қатарында XVIII ғасырдағы Құран, Қожа Ахмет Ясауидің "Рисала" (XVI ғ.), "Диуани Хикмет" (XIX ғ.), "Хикмет Хазретиі" (XVIII ғ.), сондай-ақ оның ата-тегі туралы тарихи шежіре "Насабнама" (XVII ғ.) және шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың "Хикметтері" бар.
Сонымен қатар шығыс әдебиетінің жауһарлары - Низами Гәнжауидің "Хамса" (XV ғ.), Әлішер Науаидің "Диуаны" (XVII ғ.), Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнамасы" (XVIII ғ.) да ерекше назарға ілікті.
Іс-шара аясында Өзбекстанның әдебиеті мен мәдениетіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Өзбекстан Республикасынан келген делегация құрамы мен қазақ қаламгерлері қазақтың бас ақыны Абайдың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, академик, классик жазушы Мұхтар Әуезовтің музей-үйіне барып, тарихи жәдігерлермен танысты.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстанның белсенді жастарының қатысуымен "Достық көпірі" форумы өткен болатын. Форумда жұмысшы мамандықтарды насихаттау және еңбек нарығына жасанды интеллекттің әсері секілді мәселелер талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2025, 18:18 27136
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның аталған саланы дамыту жөніндегі жоспарын таныстырып, таяуда Ядролық энергетика агенттігін құру туралы маңызды шешім қабылданғанына назар аударды. Бұл ұлттық экономика алдындағы стратегиялық міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді.
Президент Қытай Халық Республикасының атом энергетикасында көшбасшы саналатын CNNC тәжірибесіне еліміздің қызығушылық танытып отырғанын айтты.
Шэнь Яньфэн Мемлекет басшысына компанияның Қытайдағы және одан тысқары жерлердегі жобалары туралы мәлімет берді.
Әңгімелесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланатын озық технологияларды зерделеу және қазақстандық мамандарды оқыту бағытындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.03.2025, 16:58 27551
Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылау күшейтілді
Достарға айту
Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды ЖАП баспасөз қызметінен.
Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу енді барлық нарық субъектілеріне қолданылады. Жоғары аудиторлық палата ұсынымы бойынша Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді.
Qazaq Gaz Ұлттық компаниясы, оның еншілес ұйымдары мен ішкі және сыртқы тұтынушыларға баға қалыптастыру процестеріне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында заңнамалық олқылық анықталған болатын.
Аудиторлар газ тарату компаниялары арқылы газдың бөлшек саудада сатылуы мемлекеттік баға реттеуіне жатпайтынын анықтады. Заңға сәйкес, олардың қызметі 2017 жылдың қаңтарынан кейін басталған. Соның нәтижесінде бұл ұйымдарға "Qazaq Gaz" АҚ-дан тауарлық газды сатып алып, оны қымбат бағамен қайта сату арқылы делдалдық қызметтен табыс табу мүмкіндік болды.
Осыған байланысты бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметіне Кәсіпкерлік кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру ұсынылды.
Нәтижесінде қажетті түзетулер енгізілді. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу газ тарату компанияларын қоса алғанда, барлық нарық субъектілеріне қатысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.03.2025, 10:36Алматыда сот шешімімен тағы бір автожуу орны сүрілді 18.03.2025, 10:44 5351Елімізде гипермасштабталатын деректерді өңдейтін ең ірі орталық құрылады18.03.2025, 16:41 4326Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді18.03.2025, 16:49 4016Жаңаарқа станциясында локомотивтегі өртті өшіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді18.03.2025, 17:37 31012025 жылғы 1 наурызда 210 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
14.03.2025, 18:07 106101Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді14.03.2025, 21:38 106011Үкіметте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы талқыланды14.03.2025, 18:35 105451Үкіметте 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халық ең тығыз қоныстанған өңірлердің инвестициялық өсімі қаралды14.03.2025, 17:27 94281Тоқаев Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қажеттігін мәлімдеді14.03.2025, 15:56 87431Талқылауды аяқтау керек - Тоқаев Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы ойын айтты
17.02.2025, 14:04 170206Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 168706Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады17.02.2025, 14:14 166986Бас прокурор президентке қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндалды17.02.2025, 14:53 166266Алматыда полиция қызметкерлері азаптағаны үшін сотталды17.02.2025, 18:18 163366ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов алғашқы жиналыс өткізді