08.12.2023, 18:01 56156

Астанада кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді

Астанада 14 желтоқсан күні қаланың барлық кәсiпкерлiк субъектiлері үшін ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жекелеген нормалары және www.hr.enbek.kz порталында жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Сондай-ақ порталға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлердің қарамағындағы қызметкерлердің деректерін енгізуге болады.

Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін ашық есік күні 14 желтоқсанында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі, 9-ғимарат, 326-кабинет мекенжайында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 8 7172 55 68 90, 87754008002 телефондары арқылы хабарласу қажет.

Айта кетейік, 2020 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер енгізілді (23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасы) - жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жөніндегі міндеті енгізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны