23.01.2025, 18:59 2246

Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді

Астанада картоп сатуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан.

Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Картоп жетіспеушілігі жоқ. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған, ал оның қорлары уақытылы толықтырылуда.

Өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау мақсатында "Small" және "Spar" желілерінің сауда нүктелерінде картопты бір адамға 5 килограмнан артық сатуға уақытша шектеу енгізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны