10.01.2024, 12:27 53311

Астанада үлкен салмақта батыр сәби дүниеге келді

Астанада үлкен салмақта батыр сәби дүниеге келді
Сурет: gov.kz
Астананың №3 көпбейінді қалалық ауруханасында 5 484 гр салмақпен батыр сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспаөз қызметінен.

Дәрігерлер бұл ретте кесарь тілігіне жүгінбеді, әйел өздігінен табиғи жолмен босанды.

Сәбидің 35 жастағы анасы бұл оның үшінші баласы екенін айтты.

Өзге балалары да 4500 және 4050 гр үлкен салмақта дүниеге келген.

Ол аурухана қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Әсіресе акушері Залина Асановаға алғысы ерекше.

Асқынусыз босанды, бірақ, әрине, ерекше назар аударуға тұрарлық. Іштегі нәрестенің үлкендігіне қарамастан, бәрі жақсы өтті. Ең бастысы - баланың дені сау және ана бақытты. Бұл біздің жұмысымыздың басты мақсаты", - деп пікір білдірді акушер.


Әйелдерді босандыру бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қайырбекова салмағы бес келіден асатын балалар өте сирек дүниеге келетінін атап өтті.

Перзентханамызды соңғы айда екінші осындай алып бала дүние есігін ашты. Желтоқсан айында салмағы 5 кг-дан асатын сәби дүниеге келген", - деді ол.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны