03.10.2023, 18:00 100706

Астанада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы жанданады

Астанада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы жанданады
Сурет: gov.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мемлекеттік балабақшалардың құрылысы қашан басталатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Астананы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарға баса назар аудара отырып дамытып жатырмыз. Мәселен, елордада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы 2017 жылы тоқтап қалған. Осы 6 жылда жекеменшік балабақшаларға арналған мемлекеттік тапсырыстар бөлінді. Дегенмен тұрғындар санының өсуін ескерсек, қалада әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік байқалады. Сол себепті мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қайта бастау туралы шешім қабылдадық.

Қазір ішкі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз: жер учаскелерін анықтап, инженерлік желілер мен басқа да қажетті инфрақұрылымның дайындығын қарастырамыз.
Келер жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қаржыландыруды жоспарлайтын боламыз. 60 жер учаскесін белгілеуді жоспарлап отырмыз. Оларды кезең-кезеңімен саламыз. Сол сияқты жекеменшік балабақшаларға да жыл сайын мемлекеттік тапсырыстар бөлетін боламыз. Мысалы, биыл жекеменшік балабақшаларға 10 мың 300 орынға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда орындар саны 5 еседен астам өсті. Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен 17 балабақша салынып жатыр. Сонымен қатар, мектеп құрылысына да баса назар аударамыз. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен 2027 жылға дейін Астанада 180 мыңға жуық оқушы орнына (екі ауысымда) арналған 65 мектеп салынады", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны