17.01.2025, 15:00 2896

Астанада насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерінінің заңсыз сатылуы бойынша рейд жүріп жатыр

Астанада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Осындай тексеру іс-шарасы Сарыарқа ауданындағы дүкендерде жүргізілді. Оған аудан әкімдігі, аудандық полиция басқармасы, сондай-ақ елордалық белсенді жастар қатысты.

Ең алдымен шағым көп түсетін аумақтар тексеріледі. Мысалы, ескі темір жол вокзалы аумағы. Мұндай іс-шаралар күнделікті жүргізіледі.

2024 жылы қалада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша 70 жағдай анықталды. Кәсіпкерлерге 3 млн теңгеден асатын мөлшерде айыппұл салынды.

Рейдтер барысында Республика, Жеңіс даңғылы, Гете, Ә.Молдағұлова, Ы. Дүкенұлы көшелері және т.б. қамтылды.

Егер рейдтік іс-шара кезінде насыбай сатқан тұлғалар анықталса, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарастырылған жаза қолданылады және насыбай тәркіленетін болады. Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады", - деді Сарыарка ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Кәбір.


Шегілмейтін темекі өнімдерін тұтынуды алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қаланың барлық ауданында бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық алты ауданында жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны