24.11.2022, 17:44 30631

Ауыл жастарының грантты жұмыспен өтеу екі жылға дейін қысқартылды

Бұрын грантты жұмыспен өтеу 3 жыл болатын.
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Грантқа оқыған ауыл жастары енді өңірде үш жылдың орнына екі жыл жұмыс істейтін болады. Үкіметтің тиісті қаулысы Primeminister.kz сайтында жарияланды.
 

Квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖБҰ-ны бітіргеннен кейін тізімі осы Қағидаларға 1-қосымшада айқындалған өңірлерде кемінде екі жыл жұмыспен өтейді", - делінген қаулының мәтінінде.

 
Бұрын грантты жұмыспен өтеу 3 жыл болатын.
 
Жұмыспен өтеу үшін өңірлер:
 
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Атырау облысы;
  • Абай облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы;
  • Ұлытау облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы.
 
Сондай-ақ, жұмыспен өтеу мерзімін есептеу тәртібі келесі жағдайларда өзгерді:
 
  • ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;
  • мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;
  • ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдау шартымен ЖЖБҰ-дан оқудан шығарылған жағдайларда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖБҰ бітіргеннен кейін осы тармақта көзделген мерзім шегінде өздері іс жүзінде оқыған уақытқа мөлшерлес жұмыспен өтейді.
 
Қаулы 2022 жылғы 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны