22.06.2022, 17:08 11951

"Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты

Пя Юрий Владимирович өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді.
НҰР-СҰЛТАН. 22 МАУСЫМ - "Қазақстан халкына" Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қордың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Сүлейменов Қайырбек сайланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан халқына" әлеуметтік қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қоғам қайраткері, "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов сайланды", - деп хабарлайды qazaqstanhalqyna.kz.

 
Сонымен қатар, Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары болып дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы сайланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны