30.03.2021, 18:31 8797

Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша қызыл аймақта орналасқан

НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
2021 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
 "Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары. 
 
 "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
2021 жылғы 29 наурыздағы 23:59 жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 243 318 жағдайы тіркелген. Ауру жағдайларының ең көп саны Алматыда - 33 557 және Нұр-Сұлтанда - 30 238. Өткен тәулікте қалаларда сәйкесінше 545 және 204 коронавирус ауруы тіркелді.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 29 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 3 029 өлім тіркелді. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 443, 684 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 47 837 жетті. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны