12.03.2021, 18:20 11507

Қазақстанда 12 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 12 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 11 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 221 669 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 899 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 221 669. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 26 124 (+112); 
 
Алматы қаласында – 26 708 (+237); 
 
ШҚО–да – 22 394 (+34); 
 
Атырау облысында – 17 582 (+41); 
 
Павлодар облысында – 18 363 (+52); 
 
Қарағанды облысында – 15 965 (+68); 
 
Ақмола облысында – 14 347 (+55); 
 
БҚО–да – 13 667 (+71); 
 
СҚО–да – 12 679 (+38); 
 
Қостанай облысында – 12 973 (+49); 
 
Алматы облысында – 11 443 (+76); 
 
Шымкент қаласында – 6319 (+9); 
 
Жамбыл облысында – 6099 (+9);
 
Түркістан облысында – 4340 (+5); 
 
Маңғыстау облысында - 4 292 (+0); 
 
Ақтөбе облысында - 4463 (+39); 
 
Қызылорда облысында - 3911 (+4).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 653 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 204 782, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
12 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 18 558 адам (14 050 КВИ+ және 4 508 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 713 науқас стационарларда, ал 13 845 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 231 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 47 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 45 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 11 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 837 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 10 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 65 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 176 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 694, 652 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 44 534 жетті. 
 
2021 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары орналасқан. 
 

Сары" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары. 

 

Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны