01.10.2021, 19:17 103922

Қазақстанда 1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстеме ақы төленбейді

НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАЗАН - Қазақстанда 1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстеме ақы төленбейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап үстемеақылар 50%-ға қысқартылды, ал 1 қазаннан бастап толық жойылды.
 
Естеріңізге сала кетейік, дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бастап көрсетілуде.
 

Үстемеақылар жүйесінің орнына ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап дәрігерлерді одан әрі ынталандыру эпиджағдайға қарамастан жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады", - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны