Қазақстанда 3 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: CОVID-19 бар 1 707 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда өткен тәулікте 7 481 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 270;
Алматы қаласында – 1 531;
Шымкент қаласында – 575;
Ақмола облысында – 259;
Ақтөбе облысында – 356;
Алматы облысында – 311;
Атырау облысында – 406;
ШҚО-да – 308;
Жамбыл облысында – 196;
БҚО-да – 115;
Қарағанды облысында – 941;
Қостанай облысында – 261;
Қызылорда облысында – 210;
Маңғыстау облысында – 181;
Павлодар облысында – 292;
СҚО-да – 147;
Түркістан облысында – 122.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 6 177 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 489 135 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
3 тамызға КВИ-ден 102 839 адам (100 145 КВИ+ және 2 694 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 29 138 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 73 701 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 1 707 пациент,
- аса ауыр халде – 395 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 197 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 2 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 6 153 өлім жағдайы тіркелген. 1 тамыз күні КВИ-ден 110 адам қайтыс болды.
1 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы тіркелді, 16 адам қайтыс болды және 87 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 61 301, өлім – 3 756, сауыққандар – 54 851.
Қазақстанда 2021 жылғы 3 тамызға I компонентпен 5 480 094 адам вакцинацияланды, II компонентпен 3 941 941 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 2 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта - Түркістан облысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.