03.11.2022, 16:31 18346

Қазақстанда қазан айының басынан бері тұмаудың 750 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Қазақстанда қазан айының басынан бері тұмаудың 750 мыңнан астам жағдайы тіркелді
Астана. 3 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгінгі брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ағымдағы эпидемиялық маусымда Қазақстанда тұмау вирусының екі штаммының - А (H3N2) және В айналымы анықталғанын және олардың вакцина құрамына енгізілгенін хабарлады, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
 

Ағымдағы эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-нің 764 247 жағдайы тіркелді. Бұл ретте бүгінде республика бойынша аурушаңдық өткен жылдың осы кезеңіндегі деңгейімен тең", - деп нақтылады Роза Қожапова.

 
Тұмаумен ауырғандардың ең көп саны Қызылорда облысында тіркелді – 128 жағдай. Жетісу облысында – 84, Ақтөбе облысында – 69, Алматыда – 60.
 
Сондай-ақ, ол Қазақстанда тұмаудан басқа вирустар да таралып жатқанын атап өтті.
 

Тұмаудан басқа инфекцияларға 1202 сынама зерттелді, оның ішінде 254 сынама (21,1%) оң нәтиже берді, риновирусқа - 93, РС вирусына - 77, парагриппке - 31, коронавирусқа - 20, аденовирусқа - 17, бокавирусқа – 10, метапневмовирус – 6", - деп хабарлады эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.

 
Роза Қожапова аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін атап өтті. Ағымдағы жылы бюджет қаражатына Ресей өндірген "ГРИППОЛ +" вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Бұл ДДСҰ ұсынған кемінде 10%-дан республиканың жалпы халқының 12%–ын қамтуға мүмкіндік береді.
 

Халықтың ең осал топтары мемлекеттік бюджет есебінен егіледі, олар: медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлеріне арналған білім беру ұйымдарының балалары; эпидемиологиялық көрсеткіш бойынш", - деп түсіндірді Роза Қожапова.

 
Қазақстанда халықты тұмауға қарсы вакцинациялау қазан айының басынан бастап жүргізіледі. Бүгінде республика бойынша тұмауға қарсы 1 806 710 адам немесе республиканың жалпы халқының 9,5% егілді, оның ішінде 97,3 % - жергілікті бюджет қаражатынан, 1,6% - жұмыс берушілер есебінен және 1,1% - ақылы негізде.
 

Вакцинацияланғандардың жалпы санынан: 14 жасқа дейінгі балалар – 392 076 (21,2%), ересектер – 1 423 287 (78,8%) вакцинацияланды. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ", - деп атап өтті Роза Қожапова.

 
Роза Қожапова тұмау кенеттен басталып, температураның күрт көтерілуімен бірге жүретінін еске салды. Дененің айқын интоксикациясы, сондай-ақ қалтырау, адинамия, бұлшықет және бас ауруы, бүкіл денеде ауырсыну, төс сүйегінің артындағы ауырсынумен құрғақ жөтел пайда болады.
 
Аурудың алдын алу үшін қарапайым алдын-алу шараларын сақтау ұсынылады: адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу, үй-жайларды үнемі желдету, антисептиктерді қолдана отырып дезинфекциялық режимді күшейту, науқас адамдармен байланысын шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету.
 

Науқастардың 80%–ы балалар екенін ескере отырып, тұмау мен ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге жібермеу керек", - деп кеңес берді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны