08.09.2021, 19:56 16141

Қазақстанда балаларды жоспарлы вакциналау туралы ақпараттық ресурс іске қосылды

Ақпараттық ресурста Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әрбір вакцинаның толық сипаттамасы бар.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін Қазақстанда алғаш рет Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес балалар вакциналары туралы барлық қажетті ақпарат жинақталған бірыңғай ресми ресурс іске қосылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен (ҚР ДСМ ҚДСҰО), АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен балалардың жоспарлы вакцинациясы туралы ресми ақпарат пен медициналық зерттеулердің нәтижелері жинақталған EGU.kz сайтын әзірледі.
 

Ақпараттық ресурста Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әрбір вакцинаның толық сипаттамасы бар. Сайтқа кірген кез-келген адам вакцина қорғайтын инфекциялармен танысып, қарсы көрсетілімдер мен ықтимал жанама әсерлер туралы оқи алады", - деп хабарлады ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінде.

 
Сайт қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған нұсқа да бар.
 
Ресми ресурста Вакцинация күнтізбесі, Вакцинация орталықтары, Вакциналар мен аурулар, мифтер, Сұрақтар мен жауаптар сияқты айдарлар бар. EGU.kz сайтында ата-аналар вакциналардың түрлері туралы ақпаратқа қол жеткізіп, олардың қауіпсіздігін тексерудің барлық кезеңдері туралы біледі және оларды мазалайтын сұрақтарға жауап ала алады. Сайт сонымен қатар вакцинация тарихына қысқаша шолу жасайды және вакцинамен басқарылатын бірқатар жұқпалы ауруларды жеңу жолындағы адамзаттың алғашқы қадамдарын сипаттайды. Алдағы уақытта ол балаларды жоспарлы вакцинациялау туралы өзекті статистикалық деректермен толықтырылатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны