12.12.2023, 12:44 24371

Қазақстанда бір апта ішінде қызылшаның 2,5 мыңнан астам жағдайы тіркелген

2023 жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша қызылшаның 22 017 расталған жағдайы тіркелді, оның 80.5%-ы 14 жасқа дейінгі балалар
Қазақстанда бір апта ішінде қызылшаның 2,5 мыңнан астам жағдайы тіркелген
Сурет: Depositphotos
Тек соңғы аптада 2546 жағдай тіркелді, оның ішінде демалыс күндері 342, деп хабарлайды ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметінен.

Вакцинация науқаны басталғаннан бері 323 мыңнан астам адам егілді, 8-9 желтоқсан аралығында 49 мыңнан астам адам вакцина алды.

2023 жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша қызылшаның 22 017 расталған жағдайы тіркелді, оның 80.5%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.

Елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ата-аналардың назарын балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуына аударуды сұраймын. Вакцинация болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда екпе алу жөнінде шаралар қабылдауды ұсынамыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны