15.11.2022, 13:10 16311

Қазақстанда бір тәулікте 40-тан астам адам COVID-19 жұқтырған

КВИ-ден 728 адам ем алуды жалғастыруда.
Қазақстанда бір тәулікте 40-тан астам адам COVID-19 жұқтырған
Сурет: Depositphotos
Астана. 15 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 42 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 390 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 15 қарашада КВИ-ден 728 адам (573 КВИ+ және 155 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 89 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 639 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде - 8 пациент,
 
- аса ауыр халде - 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында - 2 пациент бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны