30.03.2022, 16:02 10136

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 32 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 32 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 32 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 114 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 32 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 6, 
 
Алматы қаласында - 9, 
 
Шымкент қаласында - 0, 
 
Ақмола облысында - 0, 
 
Ақтөбе облысында - 1, 
 
Алматы облысында - 3, 
 
Атырау облысында - 0, 
 
ШҚО-да - 4, 
 
Жамбыл облысында - 0, 
 
БҚО-да - 0, 
 
Қарағанды облысында - 3, 
 
Қостанай облысында - 2, 
 
Қызылорда облысында - 0, 
 
Маңғыстау облысында - 1, 
 
Павлодар облысында - 1, 
 
СҚО-да - 2, 
 
Түркістан облысында - 0.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 564 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 289 315 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
30 наурызға КВИ-ден 3 146 адам (2 140 КВИ+ және 1 006 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 355 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 2 791 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 31 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 7 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 8 пациент бар. 
 
2022 жылғы 28 наурызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 21 жағдайы тіркелді. 
 
28 наурызда өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
Қазақстанда 2022 жылғы 29 наурызға I компонентпен 9 453 237 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 156 605 адам вакцинацияланды. 
 
ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны