06.10.2023, 17:51 96656

Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб пен қысқа шалбар киюге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда қоғамдық орындарда никаб пен қысқа шалбар киюге тыйым салынуы мүмкін
Сурет: Depositphotos
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде дінге қатысты мәселелер мұқият зерттелетінін айтты. Оның айтуынша, қоғамдық орындарда никаб пен қысқа шалбар киюге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылып, зерттеледі.

Аида Балаева бүгінде діни мәселелер өте өзекті болып кеткенімен келісіп отыр. Министр мектептердегі хиджаб киюге қатысты бұған дейін де түсініктеме бергенін еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жерде, әрине, тағы да тұжырымдамалық аппарат туралы мәселе туындайды. Өйткені біздің қолданыстағы заңымызда "деструктивті діни ағымдар" деген ұғым да жоқ. Әрине, жұртшылықтың пікірі мұқият зерделеуді қажет етеді. Бұл бағытта бізге тек теолог мамандар ғана емес, сонымен бірге бүкіл жұртшылық та қатысып, көмектеседі деп ойлаймын. Өйткені бүгінде азаматтық қоғам институттары мен ҮЕҰ бізбен тығыз байланыста", деп мәлім етті Аида Балаева.


Журналистер "Мемлекет қоғамдық орындарда никаб, хиджаб және қысқа шалбар киюге тыйым сала ма?" деп сұрады.

Біз бұл нормаларды міндетті түрде зерттеп, ұсынамыз. Меніңше, ең болмағанда қоғамдық орындарда. Бұл бүкіл әлемде бар тәжірибе, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Жеке тұлғаны тану қиын. Алайда бұл қоғаммен бірге зерттеледі. Ал біз уәкілетті орган ретінде осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, заңнамалық нормаларды қатайтуға күш салатынымыз анық", деп мәлім етті министр деп хабарлайды Kaztag.kz.  


Өтініштерінде дін мәселелері депутаттар тарапынан көтерілгендіктен, Аида Балаева алдағы уақытта парламентшілермен бірлескен жұмыс басталатынына сенім білдірді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны